Сәрсеке М. Қаныш Сәтбаев: роман–эссе. – Астана: Фолиант, 2008. – 648 с.
Ұлтымыздың кемеңгер перзенті К. Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға М. Сәрсеке қырық жылдан астам уақытын сарп етіп, осы жолда толғаған тартымды еңбегімен казақ қауымына танылған қаламгер. «Нартұлга» сериясымен жарыққа шығып отырған «Қаныш Сәтбаев» ғүмырнамасы – деректі жанырдың айтулы шеберінің осы саладағы көп жылдық еңбегінің тың деректермен толықтырылып, Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасының әлемге әйгілі «Жайсаң адамдар өмир» (ЖЗЛ) сериясымен 2003 жылы екінші мәрте жарияланған нұсқасымен мәтіні бірдей ең толымдысы.
Бұған дейін кұпияда ұсталып, «ақтандақ» калпында қалып келген мұрағат кұжаттарын, хаттар мен естеліктерді пайдаланып, ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үйшінің жүрекжарды әнгімелерін арқау етіп қиял – қоспасыз өрілген һәм ғалым өмірінің бел – белестерін букпесіз ашып, ұлағатты ғұмыр жолын саралап та, даралап та ұлықтаған ғұмырнама, сірә, Қаныш асылымызды ардақ тұтқан қауымды бей – жай қалдырмас деген үміттеміз.