Сәтбаев К. И. Қазақстан менін Отаным

Сәтбаев К. И. Қазақстан менін Отаным. – Алматы: Ғылым, 1999.- 464 с.

Бұл кітап академик Қ. И. Сәтбаевтың қазақ тілінде жазылған еңбектерінен құрастырылған. Мұндағы материалдардың барлығы әр түрлі ғылыми және коғамдық – саяси басылымдарда ұлы ғалымның көзінің тірі кезінде жарық көрген. Олардың басым көпшілігі Қазақстанның минералдық қорының жағдайлары мең мыс – рудалы Жезқазған кендері жайында, сол кездегі республика ғылымының дамуы туралы хабардар етсе, енді бір бөлігі оқу – ағарту, әдебиет пен мәдениет мәселелеріне арналған. Бұл материалдар алғашқы қалпындағыдай, сол кездегі басылымдардан алынып беріліп отыр. Мысалы, кендердің аты өзгертілмей сақталған (Джезды, Джезказган және т. б.) себебі осындай транскрипцияда олар әлемдік геологиялық анықтамаларға енгізілген.