Ы.Жақаев

АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

Адам өмірге келеді, зейнет іздейді, бақыт табады. Дүниенің шалқар теңізін өктем адыммен кешіп өтпестен тұтқиылдан соққан асау толқын жаңқа секілді жағаға лақтырып тастайды. Сондықтан әрдайым бекем, әрдайым берік болуың керек. Өмір сенің еркелігіңді көтермейді. Әр адамның өмірлік мұраты, мақсаты болуы тиіс. Өзіне жүктелген міндетті дұрыс ұғыну қиын нәрсе, ал оны қалтқысыз атқару — одан да қиын. Сол себепті де әркім дүниеге ашық та ойлы көзбен қарауға, езінің адамдық парызын жете түсінуге міндетті. Бұлай болмайынша негізгі мақсатқа жету мүмкін емес.

Мен самолетте осылай ойладым.

...Ой көп, істелетін іс одан да көп. Бір күн карын тойса, қырық күн аш болғанын естен шығаратын небір кержалқау диқанды керген едім. Бүгінін емес, ертеңін, ертеңін емес, екі жылын күн ілгері ойламаған диқан — диқан емес.

Менің осы сапарымның өзі болашақ қамы. Отанымыздың жүрегі — Москваға бара жатсам да, менің бар зейінім, ықыласойым өз аулымда, өз жерімде қалды. Москваға мені ұлы мақсат әкеле жатыр. Мен сүйікті партиямның жиырма үшінші съезіне келе жатырмын.

Менің бұл сапарым — болашақка сапар. Өйткені, партия тек болашаққа бастайды.

— Ыбеке, сіз дәл осы отырғанда болащақ жайлы ойлап отырсыз.

Мен селк еттім. Бұл көршім — қазақтың аяулы ұлдарының бірі академик Қаныш Сәтбаев еді, ол Алматыда самолетке отырарда әлдекімдермев келісіп, мені өз қасына отырғызып алған.

— Ыбеке, көрші болайық. Сөйлесейік. Әңгіме айтыңыз,— деп қолқа салды ол.

— Сөйлей білген жақсы, тыңдай білген одан да жақсы,— дедім мен сәл қалжыңға шаптырып.

— Әрине,— деді Қаныш қарқылдап күліп,— «Жақсынын, сөзінен — тас балқиды, жаманкың сөзінен — бас қаңғиды» деген. Сіз әнгіме айтсаңыз, тыңдауға ерінетіндер табыла қоймас.

Егер мен сол бір жақсы інімнің көп ұзамай көз жұматынын білген болсам, айналайын қалқаммен мауқымды басып құшақтасып, көңілде жүрген ойларды ағын судай ақтармас па едім. Жазық маңдайынан құшырлана иіскеп, жан баламдай бақыл айтпас па едім. Әттең, әттең!..

Жазылған сөз сақталады, айтылған сөз ұмытылады демекші, Қаныш інімнің еліне, жеріне арнаған талай еңбегі артында қалды. Оның маған қоштаса тұрып айтқаны:

— Күзден қорқ — соңынан қыс келедд, кыстан қорқпа — соңынан кектем келеді,— деген сөзі әлі құлағымда, әлі жадымда.

Қанышпен бірге Москвада он күндей болдым. Көп сөз айтылды, кеп сөз айтылмай қалды...

— Москва!—деген қуанышты дауыс мені селт егкізді.

— Ыбеке, Москва!—деді Қаныш.

Сөйтті де, көйлегінің сәл ағытулы түймелерін қайтадан сала бастады.

Қимылдары сабырлы, көздері жіті. Салалы саусақтары да үлкен сабыр иесі екенін сездіріп түр. Екі иығын қомдаған кезде, тұғыр үстінде отырып, шыдамсыздана шаңқ еткен қыран бүркітті көз алдыма келтірді.

— Ыбеке, мен әділдікті де осы қаладан таптым, ақылдың кені болған ұлы адамдарды да осы қаладан көрдім,— деген еді ол.

Мен де көп игілікті жақсы нәрселерді осы шаһарда көрдім...

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.