Ә.Бектұров

ЖАРҚЫН ДА СҮЙКІМДІ БЕЙНЕ

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ғылымның аса көрнекті ұйымдастырушысы, белсенді мемлекет және қоғам қайраткері еді. Ол республикамызда ғылымның барлык саласын қалыптастыру мен дамытуда терең із калдырды. Қазақстанда химия ғылымы мен химия өнеркәсібін ұйымдастыруға көп күш-жігер жұмсады.

Ой-өрісі кең, ғылым мен техниканың әр түрлі саласынан ғұлама білімі бар Қаныш Имантайұлы бұлардағы жаңа келелі бағыттарды тез айқындап, ғалымдар мен өндірісшілер коллективінің күш-жігерін өмір мен ғылым дамуының барысы ұсынған ірі міндеттерді шешуге жұмылдыра білді, республика мен еліміз үкіметі мен жоспарлау органдарының алдына Қазақстан ғылымы мен халық шаруашылығының түбегейлі проблемаларын қоя білді.

Республика шикізат ресурстарының асқан білгірі (бұларды барлау оның тікелей басшылығымен және қатысуымен жүргізілген болатын) Қаныш Имантайұлы қажетті шикізатты өте-мөте зәрулік сезілген жерлерден табу үшін не керектің бәрін істеді.

Қаныш Имантайұлы білікті маман және тәжірибелі кадрларды қатыстыра отырып, ғылыми проблемаларды комплексті түрде талдап шешуге зор маңыз берді.

Ол басқарған Қазақстан Ғылым академиясы осы принципке құрылғанды. Мәселен, аса ірі, минералдық ресурстар бөлімшесіне ең бай пайдалы қазбаларды іздестіру, өндіру мен өңдеу мәселелерін шешумен айналысатын бірқатар институттар кірді. Сондай-ақ мұнда энергетикалық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының проблемаларын талдап шешетін Энергетика институты бар еді.

Қаныш Имантайұлының инициативасы бойынша және оньщ басшылығымен республиканың ірі-ірі өнеркәсіп аудандарында Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі ғылыми сессиялары жиі ұйымдастырылып тұрды, бұларға көрнекті ғалымдар, республикамызбен бүкіл еліміз халық шаруашылығының әр түрлі салаларының өндірісшілері мен басшы қызметкерлері кең қатыстырылды. Бұл сессиялар Үлкен Алтайдың (1947 жыл), Батыс Қазақстанның (1949 жыл), Орталық Казақстанның (1949 және 1958 жылдар), республиканың тағы басқа аудандарының өндіргіш күштерін зерттеуге және комплексті игеруге арналды. Сессияларда химия өнеркәсібін дамыту үшін шикізат, энергетикалық және су ресурстарын зерттеуге айрықша зор көңіл бөлінді. Сессиялардың материалдарын кейін директивалық органдар халық шаруашылығын өркендетудін алдағы ондаған жылдарға лайықталған перспективалық жоспарларын жасау тұсында пайдаланды.

Қазақ ССР Ғылым академиясының Үлкен Алтайдың өндіргіш күштерін зерттеуге және игеруге арналған, 1947 жылы июльде өткізілген сессиясында жасаған өзінің баяндамасында Қаныш Имантайұлы бұл ауданның әр түрлі химиялық шикізатқа бай екенін ерекше атап көрсетті... Қазақ ССР Ғылым академиясының Гурьевте болған көшпелі сессиясында (1949 жылғы январь) Батыс Қазақстанда әр түрлі минералдық тұздардың коры ұшан-теңіз екені айтылды. Сол сияқты Батыс Қазақстанда фосфориттің, хромиттің, әктің және басқа химиялық шикізаттың бай көздері барланды. Міне, мұның бәрі Батыс Қазақстанда химия өнеркәсібін жан-жақты өркендету үшін колайлы алғы шарттар жасайды. Мұнда ең алдымен Қазақстан мен Орта Азия республикаларының ауыл шаруашылығы үшін минералдық тыңайтқыштар өндіруді ұйымдастыруға болатын еді. Бүл сессияда Батыс Қазақстанда мұнай өңдеу газдарын пайдалану негізінде органикалық синтез өнеркәсібін өркендету қажеттігі атап көрсетілді. Сессияда сөйлеген өзінің кіріспе сөзінде Қаныш Имантайұлы Манқыстау түбегінің сан алуан, әрі бай минералдық ресурстарын, атап айтқанда мұнай қорын зерттеу қажеттігі туралы мәселе қойды.

Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге арналған Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі сессияларында Қаныш Имантайүұлы Орталық Қазақстанда, ең алдымен Қарағанды металлургия заводының коксхимия цехтарының және Павлодардағы мұнай өңдеу заводының, түсті металлургия заводтарының қосалқы өнімдері негізінде ірі химия өнеркәсібін ұйымдастыру үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап көрсетті.

1958 жылғы сессияда Қаныш Имантайұлы «Орталық Қазақстан республикамыз бен елімізде синтетикалық материалдар мен химия өнеркәсібінің басқа да түрлерін өндіру жөнінде жетекші аудандардың бірі бола алады»,— деді.

Бұл ауданда негізгі органикалық синтез өнеркәсібін, оның ішінде пластмасса мен жасанды талшық өнеркәсібін кұрудың базасы — Қарағанды синтетикалық каучук заводының қалдықтары, сондай-ақ жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия заводының коксхимия цехынын газдары мен сұйық өнімдері.

Қаныш Имантайұлы орталык және республикалық баспасөзде бірқатар маңызды ұсыныстармен, атап айтқанда: Ақтөбе химия комбинаты мен Гурьев мұнай өндеу заводын жергілікті шикізат базасьша көшіру туралы; коксхимия және пластық метан негізінде жоғары сапалы жүн мата мен жібек мата алу үшін қажетті синтетикалық талшықтың — нитронның ірі ендірісін ұйымдастыру туралы; негізгі органикалық синтез мақсаттары үшін Батыс Қазақстанның табиғи және ілеспе газын пайдалану туралы; Ақтөбе хромит кеніштері негізінде республикада ірі хромит өндірісін құру туралы мақалалар жазды.

1963 жылғы 9 октябрьде Алматыда өткізілген химия өнеркәсібі қызметкерлерінің республикалық кеңесінде Қаныш Имантайұлы Қазақстанда химияны дамыту жөнінде көптеген маңызды мәселе көтерді. Ол Қазақстан СССР халық шаруашылығын химияландыру ісіне елеулі үлес қоса алады деп атап керсетті, өйткені республикада геологтардың еңбегі арқылы химиялық минералдық шикізаттың барлық түрлерінің: мұнайдың, газдың, жанар сланецтің, көмірдің, фосфориттің, калий, магнезиал, ас және басқа тұздардың, хромиттің, бариттің, күкірттің т. т., орасан мол қоры анықталды... Қаныш Имантайұлы еліміздегі ең ірі Қаратау фосфорит бассейнің кең пайдалануды ұсынды.

Қ. И. Сәтбаев ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практика жүзінде қолдануға, атап айтқанда ауыл шаруашылық химиясы саласында қолдануға зор көңіл бөлді.

Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын (ең алдымен тың жерлерде) арттыруға ерекше маңыз бере отырып, ол таяу жылдардың ішінде ауыл шаруашылығын арзан фосфор тыңайтқышымен қамтамасыз ету қажеттігін еске салды.

Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химияның жетекші рөлін, сондайақ оның орасан зор халықшаруашылықтық маңызын бағалай келіп, Қаныш Имантайұлы Қазақстанда химия ғылымын дамытуға, химик кадрлар даярлау мен тәрбиелеуге баса назар аударды. Мәселен, оның инициативасы бойынша Қазак ССР Ғылым академиясы жуйесінде республиканың барлық негізгі өнеркәсіп аудандарында химиялық ғылыми мекемелер желісі құрылды. 1946 жылы Алматыда химия ғылымдары институты, 1958 жылы Орталық Қазақстанда — Қарағанды химия-металлургия институты, 1959 жылы Батыс Қазақстанда Гурьевмұнай және табиғи тұз химиясы институты ашылды, сол жылы Оңтүстік Қазақстанда — химия ғылымдары институтының Шымкент бөлімшесі және Орталық Қазақстанда — Қарағанды институтының Теміртау бөлімшесі ұйымдастырылды. Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми мекемелердің ең жаңа құрал-жабдықтармен материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылуына, олардың жұмыс алаңдарымен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлді. Осы барлық мекемелерінің негізгі міндеті республика химия шикізатының аса бай қорын өңдеудің тиімді әдістерін талдап шешу болды...

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тамаша өмір сүрді, оны бүтіндей халыққа, республикамыз бен еліміздің ғылымы мен мәдениетіне бағыттады. Қаныш Имантайұлының ғаламат еңбегі босқа кеткен жоқ, қайта әр уақыт жемісті болды.

Оның шабытының өнегесі мен қайнар көзі — коммунизм орнатып жаткан совет халқының қаһармандық кимылы, оған партия мен үкімет көрсеткен қалтқысыз камқорлық.

Қаныш Имантайұлының жарқын да сүйкімді бейнесі еш уақытта біздің жадымыздан кетпейді, қайта жүрегімізде мәңгі сақталады.

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.