С.Бәйішев

АБЗАЛ АДАМ, ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, ацыз ре-тінде айтылып жүретін, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне-бір үлгі-өнеге болатын абзал адамдар болған және бұдан былай да бола бермек. Бұлардын, ортасында жүріп замандасы болған, талай тамаша іс-терін көзімен көріп, құлағымен естіген әрбір адал жан оларды әрқашан зор мақтаныш сезіммен айтып жүреді, жас ұрпақ алдына үлгі етіп тартып отырады.

Мұның өзі, әрине, әбден табиғи нәрсе, адам атаулыға біткен көп жақсы қасиеттердің бірі. Мұның нәтижесінде еліне, халкына жан-тәнімен адал қызмет атқарған адам өлгеннен кейін де ғасырлар бойы ел тарихында, халық санасында сақталып жүреді. Осындай адамдардың бірі — қазақ халқының адал ұлы, білім-паз уәкілі академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еді.

Өзінен бұрын да, өз тұсында да кездескен осындай ардақты адамдардың орны мен еңбегін бағалай келіп, қазақ халқының алып ақыны Абай кезінде былай деген екен:

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

Ал қазақ халқының қазіргі аса дарынды ақыны Ә. Тәжібаев жасы кіші болғанымен академик Қ. Сәтбаевпен замандас болған, өмірлік ісін көрген, ұстаздық сөздерін өз құлағымен естіп, токыған адам, сол себептен де ол өзінің «Монологтар» деп аталатын поэмасында Қ. Сәтбаев аузынан шыққан бейнебір өсиеттік мәні бар сөздерді былайша шебер жырлайды:

Қадірлеңдер әр сағатын уақыттың,

Әр сағатты бір өмір деп караңдар.

Кадірлендер, бір-біріцді, аяндар,

Бір-біріңді бауырым деп санандар.

Ауырмасын ауыр сөзден жүректер,

Көңілдердің көркі сола калмасын.

Қуанышқа мұздай тамшы тамбасып,

Күлкілерге күйік таңба салмасын.

Академик Қаныш Сәтбаевпен замандас та, көп жылдар бойы қоян-қолтық істес болғандардың қатарында өзім де болып едім. Сондықтан Каныш Сәтбаев жайындағы көрген-білгендерімді, онымен жақын істес болған шағымда, естігендерімді — өз аузынан шыққан талай тамаша терең ой-пікірлерді, ұстаздык сөздерді ортаға салуды, жас ұрпаққа арнап тартуды өзімнің азаматтық борышым деп есептедім.

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.