2011жылы Павлодар қаласында академик Қаныш Сәтбаевқа (1899–1964) орнатылған мүсін оның туған күні – 12-сәуірде салтанатты жағдайда ашылды.
Мүсін Жамбыл облысы аймағындағы Қордай тауының гранитінен қашалып жасалған, жалпы биіктігі 8 жарым метр (мүсіннің биіктігі – 4 метр, 25 см, тұғырының биіктігі – 4 метр, 25 см.). Ескерткіш академик Сәтбаев көшесінің бойында, қалалық әкімдік ғимаратының жанындағы көрнекі алаңқайда орнатылған.
Ескерткіштің авторлары: алматылық белгілі мүсіншілер: Прокопьева Ольга Георгиевна және Санжар мен Дәурен Досмағамбетовтер.