КАРАҒАНДЫ

2011 жылы 21 қазанда Қарағандыда қазақтың белгілі ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевқа орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды. Ескерткіш облыс орталығының вокзал алдындағы алаңына орнатылды. Салтанатты мерекеге Алматыдан ғалымның немересі Алима Жармагамбетова келді.

Монумент Суретшілер одағымен Қарағанды облыстық бөлімшесі өнеркәсіп комбинатында қоладан құйылған. Ескерткіш биіктігі – алты метрге жуық, ал салмағы – 2,5 тонна. Мүсіннің жалпы биіктігі 14 метр, ал қоладан құйылған ғалымның мүсіні 5,4 метрді құрайды. Мүсін авторлары алматылық Ольга Прокопьева мен Дәурен Досмағамбетов. Олар монументпен бір жылдан астам жұмыс жасады.