Қ.И. Сәтбаевтын мемориалдық мұражайы

Ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының ұымдастырушысы әрі тұнғыш Презіденті Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты, КСРО және Қазақ ССР Ғылым академиясының академиғі Қ.И. Сәтбаевтің мемориалды мұражайы ашылғанына 40 жылдан асты

Мұражай директоры Сағымбекова Үміт Сапарбекқызы осы қызметте 2010 жылдан істейді.

Басында аудандық Мәдениет үйінен арнайы бұрыш бөлініп, 1964 жылы қырқүйек айында қоғамдық негізде жұмыс істей бастады.

Мұражайдын ашылуына 1964 жылдын жазында Баянауылда еңбек семестрін өткізген сол кездегі Алматы политехникалық институтының студенттерінен құрылған Ғ.Шалахметов бастаған құрылыс отряды мүшелерінің ынта білдіруілері себеп болып, аудан басшыларынан қолдау алды.

Бірте-бірте мұражай жәдігерлерінің молая түскендегі, жастарды рухани тәрбиелеуде тигізер маңызының артуы ескеріліп 1967 жылы Қаныш Имантайұлының мұражайы ресми түрде ашылып,қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде мұражай типтік ғимаратта орналасқан. Ол 522 шаршы метр жерді алып жатыр. Мұражай қорында 3000 жәдігер бар, оның 1484 тікелей сөрелерде тұр. Шағын кітапханасы бар қор сақтайтын арнаулы орында бар. Онда туған өлкеміз, қала берді облыс тарихы жөнінде кең мағлумат беретін әдебиеттер, газет-журналдардан алынған деректер мұкият сақтаулы. Сонымен қатар Баянауыл жерінде дүниеге келген әйгілі жерлестеріміз: ғалымдар, жазушылар, ақындар және өнер адамдары жөнінде деректер де арнаулы папкараларда жеке жиналған. Бәрін де осы қордан көріп тануға болады.Өзінің жұмыс істеп тұрған кезені ішінде сирек кездесетін, құнды жәдыгерлермен толықтырыла келе мемлекеттік мекеме деген статусқа ие болды.

Мұражайда 6 зал бар. Оларда ғалымның жастық шағынан, есею жылдарының, толысқан шағынан сыр шертетін, ғалымның өмір жолымен, яғни ауыл мектебінде дәріс алуынан бастап, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Президенті лауазымына тағайындалғанға дейінгі өмір баспалдағымен таныстыратын түрлі құжаттар, фотосуреттер, деректер және Қаныш Имантайұлының тұтынған жеке заттары қойылған.

Мұражайдын экспозициялық және конференциялық залдарында түрлі мәдени-көпшілілік шаралар жиі өткізіледі. Атап айтқанда әр тақырыпта әнгіме, лекциялар, әйгілі адамдармен кездесулер өткізіледі. Деректі фильм көпшіліктің назарына ұсынылады.

Бүгінгі таңда академик Қ.И. Сәтбаевтын мемориалдық мұражайы рухани мұра орталығы болумен қатар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыруға, Отанымыздын лайықты азаматы болып қалыптасуына мүмкүндігінше елеулі үлес қосуда.

http://bayanaul.pavlodar.gov.kz/?show=10&lang=2&artID=86