СӘТБАЕВ МҰЗДЫҒЫ – Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Алматы обл. Сарқант ауд. жерінде. Лепсі өз. осы мұздықтан бастауын алады. Мұздықтың ауд. 7,5 км2, ұз. 5,5 км, абляц. (еру және булану телімі) ауд. 4,7 км2, мұз көл. 0,50 км3. Мұздықтың ені 1 км-ге жуық, мұздық тілі 2950 м-ге дейін төмендеген. Мұзқар (фирн) 3520 м биіктіктен өтеді. Мұздықты алғаш реет 1912 ж. С.Дмитриев, 1915 ж. В.Сапожников зерттеді. 1947 ж. Қазақ КСР-і ҒА Геогр. Секторының (1983 жылдан ин-т) экспед. абляция аумағын, мұздың жылжу жылдамдығын, мұз тілінің жағдайын бақылап, нақты қорытындылар жасады. 1947 ж.мұздыққа және оның шыңына (абс. биікт. 4291 м) кеңес геологы, ғалым және қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілді.