С.Мұқанов

ДАРА ШЫҚҚАН ДАРЫН ЕДІ

Қаныш тек қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ол — бүкіл совет ғылымын шырқау биікке шығарғандардың бірі.

Қөз алдыма Қаныштың бейнесі қайта-қайта келе береді. Сонау алғашқы табысқан жылдардан бергі білгендерімнің бәрі ойыма орала береді. Сол сәтте Қаныш тек жақсылығымен, үлкендігімен, дарындылығымен Даралығымен, аскан адамдығымен алдымда тұрғандай болады. Солай да еді.

Мен 1928 жылы Қарсақбайға барған болатынмын.

Қазақстан кеншілерінің кажырлы еңбегін, қайнаған емірін, жер астының жасырын сырларын жалықпай ақтарып жатқан халқымыздың ардақты ұлдарын көрсем деп барғанмын. Сол сапарда Қанышка жолықтым. Ол кезде Сәтбаев Қарсақбайда геологиялыкбарлау партиясының бастығы еді.

Сол сапарда Қаныштың қасында бір ай жүрдім. Қазақстандағы жер астының байлығы туралы, алуан кеннің сырлары туралы көп әңгімені, көп жайды содан алған едім.

Қаныш асқан ғалым еді. Бұған коса жан дүниесі бай адам болатын. Кейбір ғалымдар өз саласын ғана жете біліп, өзге дүниеден азғантай мағлұматтармен жүре береді ғой. Ал. Қаныш олай емес еді. Ол жанжақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін, енердің сансаласына ой жіберіп, жақсы пікірлер айтып отыратын. Жалпы Қаныш сөзге сараң кісі еді. Ол өз білгенін орынсыз айта бермейтін. Ал кездесулерде, үлкен жиындарда, бас қосуларда басқалардан озық шығып, ойлы келіп отырады. Ғылымның бар саласынан бес саусақтай хабардар еді, бәріы де жете білетін. Әркім одан жақсы ой, пайдалы пікір, әдемі әңгіме, алуан жаңалық есту ушін баратын.

Мен осындай дара шыққан адамның бейнесін көптің алдына үлгі етсем деп жүруші едім. Өзімнің «Есею жылдары» деген кітабымда «Қарсақбай сапары» деген үлкен бөлім бар. Сол үлкен бөлім Қанышқа арналған. Мен осы бөлімде өзімнің ол туралы ойға түйгендерімді айтқанмын. Осы бөлімде мынадай бір пікір бар. Бұл сол Қарсақбай сапарына барғанда Қанышпен қоштасар алдындағы пікір болатын. Мен: «Қоштасарда Казақстанның жер астындағы бар байлығы осы кісінің басында сияқты көрініп кетті. Расында да солай еді»,— деп жаздым.

Осы ойымды тағы да қайталап отырмын. Ол — дара шыққан дарын еді.

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.