Ә.Марғұлан

ІРІ ТҰЛҒА ЕДІ

ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙГЕН ҰЛЫ

Қаныш — аяулы ғалымдығымен бірге ол халықтың сүйген ұлы, бар өмірін, білімін ел игілігі үшін сарп еткен кісі. Сондықтан оның әдемі жарқын бейнесі біздің жас ұрпақтар үшін аса қадірлі, аса қымбат.

Қаныштың туып-өскен, бала күнінде ойнақ салып қызықтаған жері Арқаның бір сұлу елкесі — Баянауыл тауының сыртқы бектері, Ақкелін. Бұл тауларды орай ағып ететін өзенді Ащының суы дейді. Оған құятын - екі сала бар: бірі — Айырық, бірі — Сарықамыс. Қаныш сол Айырық сайының биік жағасында, ерте заманнан келе жатқан езінің ата қыстауларында, 1899 жылы апрель айының 12 күні жарық дүниеге келеді.

Қаныштың ез әкесі Имантай — ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын. Қөп жасаған өмірін ол кісі ескі заманның әділетсіз зұлымдық істеріне қарсы қойып, жәбірленген, жапа шеккен адамдарға кемек керсетуді зор мақсат еткен. Имекеңнің бұл жақсы қасиеттерін ол кісімен істес болған кедейлер — Қозыбағар мен Қасен жақсы білетін. Олардың бүгінгі ұрпақтары совхоз жұмысшылары Заир мен Нұрлан да ол қасиетті әлі күнге ұмытпаған.

Имекең ғылымды, ой жұмысын жақсы көретін, оның сол қасиеті жас ұрпақтарға үлкен әсер етеді. Революциядан бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. Олардың ішінде Қаныштың ағасы Әбікей Сәтбаев Омбының семинариясын бітіріп, сол кездің өзінде орыс тілі мен әдебиетінің бірінші маманы болып шығады. Бүгінгі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарынан шыққан жастардың Әбікейден оқымағаны кемде-кем болуы керек. Қаныштың екінші ағасы Кәрім Сәтбаев та семинарияда оқыған, жүйрік, білгіш адамның бірі, жан күйі өнерді, музыканы сүйген кісі болады. Қаныштың емшектес ағасы Ғазиз (Бөкеш) домбыра тартатын күйші, сүйіп оқитыны Абай, Пушкин, Лермонтов еді, «Евгений Онегин» романын жастарға әңгімелеп отырғанын көргенім бар. Қаныш та сондай кішіпейіл кісі еді. Әңгімелескенде: «Бөкежанның қасында мен түк емеспін. Оның жүйріктігі менен асқар таудай биік тұратын» дейтін.

1925 жылы жаз күні Мұхтармен бірге Абай ауылында болғанда уақытымыз сол жердегі шешен қариялардың сөзін тыңдаумен өтті. Ол революция екпінінің толқыны әлі басылып болмаған, қуаныш лебі әрбір адамның жарқын жүздерінен ашық көрініп тұратын кез болатын. Бір күні әңгіме «талант» туралы болды. Мұхтар да қойдан қоңыр, кішіпейіл кісінің бірі еді, өзінің асқаралы талантын, білгіш-жүйріктігін жұртқа көрсеткісі келмейтін. Ойға батқан тұнғиық қара көзін қасында отырған Тұрашқа тастап:

— Сіз қырдағы жаңа дәуірлеп келе жатқан жастар арасында кімді озық талант деп түсінесіз?— деді. Тұраш қасқау қарап:

— Бұл қыр аймағында озық талант Имантайдың екі баласы.

Бүгін де олардан озық жас бар деп өзім түсінбеймін. Ол екеуінің алапаты бүтіндей басқа. Жаратылыс білімді де, ақыл мен ойды да оларға ерекше берген. Олардай саңлақ кісі бүгінгі жастар арасында өте сирек кездеседі,— деді.

Қаныш туралы мұндай жарқын ойларды кейінірек кеп еститін болдық.

Мен Қанышты бала күнімнен білетінмін. Өйткені оның туып ескен ауылы біздің ауылдан онша қашық болмайтын, екеуі де Баян тауының төңірегін қоныстайтын көршілес ауылдар болатын. Жазды күні жай-лауға шыққанда олар біріне-бірі тіпті жақын келіп отыратын. Өйткені Баянауыл дуанына карайтын сегіз болыс елдің жаз жайлайтын өлкес ұзыннан аққан Шідерті өзенінін бойы. Ол 300 шакырымға созылып, жаз күні оның өн бойы қазқатар тізіліп отырған мыңдаған ауылдар болатын. Қаныш туған ауылдар Шідерті өзенінің бас жағын, Бала Шідерті, Батпаккөл, Сұңқарқия дейтін өрістерді жайлап, қысқа қарсы Ақкелін тауынын баурындағы Айырыкты кыстайтын. Ол кыстау Баян қаласынан 80 шақырым күнбатыста тұрады. Революциядан кейін жас студент Қаныш аулын Батпақ келге көшіріп, ол арада бірінші рет колхоз үйымдастырып, қала салу, мектеп ашу, кооперация құру жұмысымен шұғылданды.

Павлодар мен Семейде оқып жүрген кезінде Қаныш каникулға қайтқанда Айырықтағы қыстауға бармай, Шідерті өзенін өрлей шығып, біздің ауылда талай рет тыныс алып жүрді. Оның қасында ағасының балалары, қарлығаштың балапанындай қара көзі мөлдіреген осы күнгі Райхан мен Раушан болатын. Имекеңнің айтуынша, Қаныш бала күнінде өте момын, түнғиық болып өседі.

Төртбес жаска келгенде асық, топай ойынымен құмарланады, езеннің жағасынан әдемі жылтыр тастарды көп жинайды. Айырықтағы Қаныштың асық ойнау үшін жылтыраған алаңын қарт кісілер әлі күнге ұмытпаған.

Қаныш алты жасынан бастап Ақкелін болысының орталығынан ашылған ауыл мектебінде оқиды (1905— 1911), оның оқытушылары Омбыда, Семейде, Павлодарда білім алған, бірталай сауаты бар адамдар болады. Олардың ішінде ең білімдісі — Шоқанның ұрпағынан Бексұлтан Уәлиханов, Б. Жуанышбаев, тағы басқалар. Оқу қазақ тілінде жүреді. Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, нақу оқиды, парсы, түркі (шағатай) әдебиетінің үлгілерімен танысады. Қаныш мұсылманша өзге жерде оқымаған. Оның араб, парсы, шағатай әдебиетін бірталай жақсы түсінуіне негіз болған бір ғана осы мектеп.

Араб пен парсы тілінен хабары барлығы кейінгі кездің езіне дейін — оның әзілдеп айтқан сездерінен ашық керініп түратын. Шығыс әдебиетімен бірге бүл мектепте орыс тілі қатар жүрген. Қанышқа бірінші рег орыс тілін үйретуші Г. В. Терентьев деген кісі. Қаныш осы мектептің өзінде орыс тілін жақсы оқып, өзге пәндерден де басқа балалардан жеке қара озық отыра ды. Канышпен бірге бұл мектепте оқыған кісілер әлі күнге бар. Олардың айтуынша, Қаныш мектепте тұрып оқымаған. Ол қыстауы Айырықтан Ағаш үйге күн сайын салт атпен келіп оқитын болған. Бұл екі қыстаудын, арасы жеті шақырымдай. Мектепке келіп жүргенде Қаныштың астына мінгені кер ат, үстіне кигені шидем күпі, аяғында саптама етік, басында елтірі тымақ. Осы түрінде Қаныш ауыл мектебінде бесалты жылдай оқып, одан жақсы білім алып шығады.

1911 жылы 12 жасар Қаныштың ағасы Әбікей Павлодарға апарып, ондағы екі кластық орыс-казақ мектебіне түсіреді. Әбеңнің ол мектепте орыс тілі мен әдебиетін оқытып жүрген кезі. Қаныш қиындық көрмей жеңіл түседі. Мектеп оқушылары, олардың ішінде бүгінде 90-ға таянған қарт мұғалім Н. Е. Алексеев Қаныштың алғырлығына, оның ауыл мектебінен көп білім алып келгеніне таң қалады.

Өзге балалардан Қаныштың ерекше артық отырғанын көрген соң, педсовет оны бірінші класта босқа ұстамай, қыс ортасында келесі класқа көшіреді. Қаныш пен ағасы Әбең бұл мектептін. жарық жұлдызы болып көрінеді. Оку мен бірге екеуі қосылып, өзге балалармен сауық кешін өткізіп, ән салып, скрипка, гитара, домбыра тартып, Абай мен орыс ақындарының жырынан қызықты үзінділер оқиды.

Қаныш Павлодар мектебін 1914 жылы бітіріп, жазды өзінің ауылында, Шідерті езенінің бойында сауықпен өткізді. Бірақ окудың дәмін жақсы татқан бала орта жолда қалып қойғысы келмейді, ілгері оқуды көксеу ойын елегізітіп, есінен шықпайды. Июль айы туысымен әкесі Имекеңнің алдынан дабыл қағып, август айының басында Семейге оқуға жүруге дайындық жасау керек екенін күн сайын есіне түсіре береді.

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.