О. Жәутіков

ҒЫЛЫМ ШЫҢЫНДА

Қазақ ССР Ғылым академиясынын, ұйымдастырылуы республика физика-математика ғылымыи дамытудағы маңызды кезең болды. Оған дейінгі СССР Ғылым академиясьіның Қазақ филиалы, Қазақ, мемлекеттік университеті, Қазақ кеңметаллургия институты (қазіргі В. И. Ленин атындағы Қазақ политехника институты), Абай атындағы Қазақ педагогика. институты және басқа жоғары оқу орындары шын мәнінде Академияның ірге тасын қалап еді.

Жаңадан ұйымдастырылған Академия үшін ғылыми кадрлар ең алдымен республиканың жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ өндіріс мамандары арасынан іріктелін алынды.

Қазақ ССР Ғылым академиясының есеюі кезеңінде физика-техникалық институт құрамьшда физика-математикалық бағыттағы мекеме, астрофизика инсхитутын және математика мен механика секторын құру идеясы мен практикалық мүмкіндігі пайда болдьь. Қ. И. Сәтбаевтың инициативасымен бұл мүмкіндік шындыққа айналды — Астрофизикалық институт, физика-техникалық институт, (ол кейін ядролық физика институтына айналды), математика және механика секторы құрылды, соңғысы математика және механика инстит.утын ұйымдастыру үшін негіз жасады.

Физика-математика бағытындағы институттар ұйымдастырылуының кейбір тарихи жағдайлары, міне, осындай. Қаныш Имантайұлы математика, физика, механика және астрофизика сияқты іргелі ғылымдарды дамытуға әрқашан зор маңыз беріп отырды. «Олар Академияны әрлендіретін іргелі ғылымдар» дегенді жиі айтушы еді.

Мен Қаныш Имантайұлымен 1945 жылғы 5 февраль кұні таныстым. Бұл соғыстың ауыр жылы болатын. Қаныш Имантайұлы телефон арқылы мені (ол кезде Абай атындағы Қазақ педагогика институтында жоғары математика кафедрасының меңгерушісі болып істейтінмін) езіне шақырып алып, былай деді: «...1944 жылы Қазақстан Қомпартиясының Орталық Қомитеті мен үкіметі Қазак ССР І ылым академиясын үйымдастыруға әзірлік жасау шаралары туралы және СССР Ғылым академиясы Қазак филиалының жаңа құрылымы мен штаттары туралы қаулы шығарды. Ол филиал қүрамында 15 институт пен 7 сектор қүруды көздеп отыр. Біз математика және механика секторын күру туралы ұсыныс жасадық. Таяу уақытта мен филиал ғалымдарының бір тобымен құрылым мен штатты бекіту үшін, сондай-ақ Қазақ ССР Ғылым академиясын 1946 жылы ашу туралы мәселені келісу үшін Москваға барамын. Бізбен бірге барсаңыз қайтеді?»

Мен сектор жүзеге асыратын проблемалар мен тақырыптарды анықтауға тиіс болдым. Сонымен бірге жаңадан ашылмақ физика-техникалық институт, математика және механика секторы үшін физика-математика ғылымдары бойынша ғылыми кадрлар даярлаудың жолдары мен тәсілдерін карастыру керек болды.

Москвада біз СССР Ғылым академиясы В. А. Стек лов атындағы Математика институтының директоры, академик И. М. Виноградовпен, Ленинградта академик В. И. Смирновпен математика және механика секторын ұйымдастыруға, Қазақ ССР Ғылым академиясы үшін математика және механика саласында ғылыми кадрлар даярлауға байланысты бірқатар мәселелерді ақылдастық. Академиктер И. М. Виноградов, В. И. Смирнов және басқа ғалымдар Қазақ ССР Ғылым академиясы жанынан физика-математика ңиклының ғылыми мекемелері құрылуын қызу қуаттап, ғылыми кадрлар даярлауда жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

Қазақ филиалының құрылымы мен штаттары бекітіліп, 1945 жылдың 1 мартында математика және механика секторы ұйымдастырылды, айта кету керек, 1965 жылы соның негізінде математика және механика институты құрылды.

Сектор ұйымдастырылғаннан кейін Қаныш Имантайұлы бірде менен математика және механика секторының меңгерушісі кім болатынын сұрады. Мен тап сол жерде профессор Қ. П. Персидскийдің кандидатурасын үсындым. Ол кезде Қ. П. Персидский Томск қаласында болатын. Мәселе мен үсынғандай шешіліп, Қ. П. Персидский Қазақ ССР Ғылым академиясы математика және механика секторының меңгерушісі болып тағайындалды.

1951 жылы Академияның сайлауы өткізілді. К. И. Персидский Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі және физика-математика бөлімінің академик-председателі болып сайланды. Математика және механика секторының меңгерушілігін ол маған өткізді. Математика және механика секторының баспасөз органын құру үшін математика шрифтері қажет, ол кезде «Наука» баспасында олар жоқ еді.

Қаныш Имантайұлы математика шрифтерін іздестіруді маған тапсырды. Біз Қазақстан мен Ленинградтың әр түрлі баспа орындарынан математика шрифтерін жинастырып, 1947 жылы өзіміздің Математика және механика сериямыз бойынша Қазақ ССР Ғылым академиясы «Хабаршысының» бірінші санын шығардық.

Қаныш Имантайұлы есептеу математикасы мен оның халық шаруашылығындық маңызы бар міндеттерді шешуге пайдаланылуына әрқашан назар аударып отыратын. Оның нұсқауы бойынша есептеу математикасының дербес секторы ұйымдастырылды, ол кейін математика және механика институтына қосылып кетті.

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.