Қ.Сәтбаев – Т.Кошкинаға, Мәскеу, 8.02.1927 ж.:

«Сүйікті Тася! Соңғы хатыңызды алдым. Көңілімде жа­­быр­­­қау туғызғанын жасырғым келмейді. Өзіңіз жазғандай, «күту және әрқилы шырғалаңдар» Сізді де қажытып, қамығуға душар еткенін, әри­не, түсінемін. Сөйтсе де, біз бір жәйтті мой­ын­дауға тиіспіз: өмір – күресу мектебі, оған көрген түстей жеңіл-желпі қарауға болмайды; ғұмы­рымыздың алғашқы кезеңінде осындай жағымсыз жайттардың кездесуі әбден ықтимал. Бұларды мен сөзсіз болуға тиіс құбылыстарға саямын және алда да кездеседі деген ойдамын.

…Өзіңізге мынандай: «Мен онымен бірге жү­ріп, өмір ұсынар әр түрлі қиыншылық пен шырға­лаңдарды бірге кешуге әзірмін бе?» деген сұрау қойыңыз. Менің тұлғамды, ойлаймын, Сіз жет­кілікті білесіз: мен қазақпын – жаратылысым да, жаным да қазақы; ой-түсінігім бойынша да қазақпын; алдағы өмірімді тек қана туып-өскен Қазақстанда өткізбекпін (даралаушы хат иесі − М.С.); бұл жолда ай сәулелі армандарға беріліп асқақтаудан адамын; сондай-ақ сөзсіз кездесер қиыншылықтардан да алабөтен безінгім келмей­ді; жан тыныштығын да шат-шадыман тұр­мыс­тан гөрі рухани күреспен өткізгенді жөн к­ө­ремін; сол үшін де тұрмыстың жайлы күйтінен бас тартып, Қазақстан қиырын кезіп, өмір-бақи кен іздеуге де әзірмін…»