«Saulem Taisa-Tai! Соңғы хатты бұдан бір ай бұрын, 8 шілдеде жолдағаныма ренжіме… Біздің далада жеке адамның хаты түгілі, болыс поштасының өзі айына бір-ақ мәрте қатынайды. Міне, мен де шабарманның келгенін пайдаланып, Сізге екінші мәрте хат жолдап отырмын. Оның есесіне Сізден екі хат алдым… Бір айда жүзден астам қаз алдық, ұсақ құстарды санаған жоқпын. Бұл жақтағы негізгі қарекетімнің жөн-жосығын осыдан-ақ аңдаған боларсыз. Көңіл-күйім өте жақсы, тән саулығы түзелді… Семейге, сірә, тамыздың 25-і шамасында аттанатын шығармын, қыркүйектің 1-5-і аралығында сонда болмақшымын… Өзіңіздің Қаныш. Жаманқылшылы жайлауы».