Қарағандыны қосымша барлауға жібермек екен, айтуынша, одан өзге тиянақты кісі таппапты. Ал мен Бурцевтің тағы бір маусым Қарсақбайға керек болатынын дәлелдеп бақтым. Сірә, сөйтуге Ленинградта келісетін шығармыз. Дмитрийге айт: Қарсақбайға мен қаңтардың 10-15-і аралығында қайтамын, сол кезде ешбір бөгетсіз демалуға босатамын, үй-ішін көрдім, тегіс аман… Бұрғылау станоктарын алу қиындап кетіпті, сірә, табылған күнде де мамырдың бастапқы күндерінен беріде ештеңе тие қоймас. Басқа тапсырыстар да жүйкені құртар әншейін іске айнала ма деп қорқамын».