«…Көңіл-күйім соңғы аптада біржола түзелді деуге болады. Жұмыста да олжа көп: Жезқазғандағы барлау мен нұсқаған қолаттан қуаты 3,5 метр, мыстың орташа құнары 6,5 пайыз кен қабатына жолығыпты; пештің монтажы біткен, 15-20 қыркүйек аралығында зауытты жүргізуге мүмкіндік туған; өндірістерге сапарым жуықта қайта басталады. Тұрландағы партия биылғы барлауға бір жарым ай кешігіп кірісті. Сол үшін де қалған уақытты ұтымды пайдаланып, жобаланған жұмысты қысқа мерзімде орындауы қажет. Комбинат басшыларынан әлгінде ғана Тұрландағы партияның Түркістан жақ бағыттан… небәрі 4,5 шақырым жерден жаңа кен жүлгесін тапқанын естідім. Не қылған кен? Бара көреміз… Өзің қиыла өтінгендей, Қызылордада бірер күн аялдауға мүмкіндік бола ма, болмай ма, белгісіз. Турасын айтқанда, ешқандай жұмыс болмаса, тоқтағым келмейді. Шығарымда телеграфпен хабар беремін. Қалай болғанда да мені қарсы аласың… Денсаулығым қазір жақсы,
«Қымбатты Таисия! Ақмолаға жіберген ақшаңды (екі мәрте) және бір хатыңды алдым, рахмет! Дін аманмын, денсаулығым оңды, тек жол азабын шексіз тарттым, – депті Қаныш Имантайұлы Ташкенттен келетін 3-ші пойызды тосып отырып, Сызрань қаласынан қарашаның 24 жаңасында Қызылордаға жолдаған хатында. – Спас зауытынан Шортандыға дейін, бұл енді 500 шақырымдай жер, салтатпен өттік, ал Шортандыдан бері төрт тәулік ұдайы пойызбен изеңдедік. Шаршағанымды сұрама, Мәскеудегі пәтеріме жетіп, төсегіме қаннен-қаперсіз құлауды ғана тілеп отырмын, соны арман еткеннен өзге ештеңе басыма кірер емес. Saulem, сені де ерекше сағындым. Егер Мәскеуде тағы бірдеме сопаң ете түспесе, барысымен шақыру жібертемін, сен енді, жаным, ешқандай кедергісіз және бұлданбай бірден келесің. Бұдан әрі бұғылмақ ойнап, бөлек тұрғанымыз жүйкемізді жұқартып болды, бұл уәжге, сірә, дау айтпассың… Ғалымтай бірге келеді. Оқудан кешіксе де менен қалғысы келмеді, байғұс балақан үстелге басын сүйеп сіріңкедей шілтиіп жүдегеннен аманмын…»
«Ертеңгілікте Түркістанға келдім, директорымды осында кезіктірдім, – деп жазады Қаныш Имантайұлы 19 тамыздағы хатында. – Тұрланның жағдайы мүшкіл: бұрғылау әлі басталмаған; дайындық жұмыстарына кешігіп кіріскен; не істейсің, қолайлы уақытты өткізіп алған. Директор екеуіміз сол жаққа жүрмекпіз. Сірә, бұл жақта ұзағырақ болармын, бұрғылауды тездетіп бастауға қалайда бірдеңе істеуім керек… Директор – жаңа адам, бұл жақтағы жұмыстың жай-жапсарын білмегендіктен жұмысқа қолайлы кезеңді өткізіп алған. Бүгін де жолға шыққысы келмей, ертең жүрсек қайтеді… деп үгіттеп отыр. Ал бізге мұнда түнейтіндей шаруа жоқ…»
«…Жезқазғандағы барлау өте-мөте сәтті жүріпті. Биылдың өзінде, сірә, 25-30 мың тоннаға кен қорын өсіреміз. Электробарлаудың нәтижесі де көңілдегідей! – деп шаттана сыр шертеді Қаныш Имантайұлы Қарсақбайдан, қыркүйектің 3-і күні Таисияға жолдаған сы) хатында. – Иә, бұл жақтағы барлау жұмыстарының көлемі ұлан-асыр, соның бәріне тек қаржымыз жетсе… Шүбәлімін… Бұған бірақ аса қайғырып отырғаным жоқ, ең бастысы, қазақ даласында кен бар. Екі жылдық шағын барлауда Жезқазған қоры қаншаға өсті?! Биылдың өзінде Спастағы барлау мыс қорын екі миллион пұтқа көтерді. Ал Өспендегі барлаушылар алтын тауыпты. Қайрақты мен Тұрландағы олжалар ше?!»
«Русаковтан алған ресми емес хабарыма қарағанда, Балқаш төңірегінен жалпы көлемі бір миллиард пұт шамасында (!) мыс кені табылыпты. Шындық болғай, онда бұл – дүниежүзілік алып! – деп масаттанады жас геолог келіншегіне жолдаған тағы бір хатында. – Тек мұндағы шенеуніктердің біздің далаға деген сенімсіз көзқарасы өзгерсе екен?! «Жері қашық, су жоқ…» деп күні бұрын байбалам салған, дұрысын айтқанда, жер шалғайлығынан зәре-құты қашқан сақтанымпаз мамандардың теріс пиғылына ғана қарным ашады…»
«Қымбатты Таисия! Ақмолаға жіберген ақшаңды (екі мәрте) және бір хатыңды алдым, рахмет! Дін аманмын, денсаулығым оңды, тек жол азабын шексіз тарттым, – депті Қаныш Имантайұлы Ташкенттен келетін 3-ші пойызды тосып отырып, Сызрань қаласынан қарашаның 24 жаңасында Қызылордаға жолдаған хатында. – Спас зауытынан Шортандыға дейін, бұл енді 500 шақырымдай жер, салтатпен өттік, ал Шортандыдан бері төрт тәулік ұдайы пойызбен изеңдедік. Шаршағанымды сұрама, Мәскеудегі пәтеріме жетіп, төсегіме қаннен-қаперсіз құлауды ғана тілеп отырмын, соны арман еткеннен өзге ештеңе басыма кірер емес. Saulem, сені де ерекше сағындым. Егер Мәскеуде тағы бірдеме сопаң ете түспесе, барысымен шақыру жібертемін, сен енді, жаным, ешқандай кедергісіз және бұлданбай бірден келесің. Бұдан әрі бұғылмақ ойнап, бөлек тұрғанымыз жүйкемізді жұқартып болды, бұл уәжге, сірә, дау айтпассың… Ғалымтай бірге келеді. Оқудан кешіксе де менен қалғысы келмеді, байғұс балақан үстелге басын сүйеп ұйықтап отыр. Мектебіне қайткенде алғызатын амал ойластыруым керек… Маған күш-тірек насыбай ала келуді ұмытпа, кем дегенде 5 шиша. Өзіңнің Қ».